ЕЛІМІЗДЕ КЕЙІНГІ САЛЫНҒАН ЕСКЕРТКІШТЕР СЫНҒА ҰШЫРАУДА

Жақында Шымкент қаласында Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, қазақтың белгілі боксшысы Бекзат Саттархановқа арналған ескерткіштің ашылуы болып өтті. Мүсіншілер аталмыш ескерткіштегі жазбада қателік жіберген. Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балаларға арналған спорт интернатының алдында орналасқан ескерткіште «Алға Қазақстан» деп ұрандатқан Бекзат мүсінінің биіктігі - 3 метрді құрайды. Мүсін салушылар қазақ тілінің заңдылығын сақтамай, «Алға» сөзінен кейін үтір, «Қазақстан» сөзінен кейін леп белгісі қойылуы тиіс екендігін ұмыт қалдырған. Мамандар бұл сауатсыздық жеткіншек ұрпақты шатастыруы мүмкін екенін айтып дабыл қағуда. Тағы бір, түсініксіз жайт, батыр ұлдың бет келбеті неге екендігі белгісіз сәтсіз шыққан. Бүтін бір халықты алға шақырып отырған Бекзаттың бұл сөзді ашуланып я болмаса жылаңқы түрмен айтпасы анық. Бұл жолғы орын алған ескерткіш дауына да пікір айтушылардың қарасы қалың. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)
