Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«Электронды» неке

Осыдан біраз уақыт бұрын елге таңсық болып көрінген «Электронды үкімет» порталы өз тиімділігін дәлелдеп қана қоймай, қамту аймағын кеңейте түсуде. Бұл үдеріс  бүгінгідей қарбаласқа толы қоғамда азаматтарға қолайлы жағдай туғызуда. Яғни, әрбір тұрғын электронды цифрлық қолтаңба алу арқылы өзі қалаған мемлекеттік қызметті тұтынуға қол жеткізді. Соның бірі-некені онлайн-режимде тіркеу. Қызметтің бұл түрі той қамымен  тағат таппай жүретін жастар үшін  оңтайлы болып тұр.

Некені онлайн–режимінде тіркеу қызметін тек бірінші рет некеге тұратын және  балалары жоқ азаматтар ғана  қолдана алады. Некені онлайн – режимінде тіркеуге арналған өтінішті беру үшін электронды цифрлық  қолтаңба болуы қажет. Оны  тіркеуге арналған өтініш  www.egov.kz электронды үкімет порталында толтырылады және некеге тұратын тұлғалар туралы, сондай-ақ заңнама талаптарына сәйкес басқа да мәліметтерді қамтиды. Некені тіркеуге арналған онлайн өтінішті некеге тұрудың жоспарланған датасына дейінгі 30 күнтізбелік күн ішінде беру керек. Өтінішті толтыру рәсімі өткеннен кейін өтініш иелері АХАТ қызметінің өтінішті қабылдағандығы туралы хабарлама алады.

Электронды өтінішті алған соң әділет органы оны тексере отырып, некені тіркеудің уақытын, күнін және орнын көрсетеді. Некеге тұруды тіркеу үшін алынатын мемлекеттік  баж салығын төлеуді электронды үкіметтің автоматтандырылған төлем шлюзі арқылы жүзеге асыруға болады. Онлайн төлемді өтініш берушілердің біреуі төлесе жеткілікті. Сонымен, жас жұбайлардың   үйден шықпай – ақ, некені тіркеу мәселесін рәсімдеуіне мүмкіндік мол.

Егер үйде интернет желісі болмаған жағдайда  Халыққа қызмет көрсету орталығына бас сұғып, ондағы өзіне өзі  қызмет көрсету секторына жүгінуге де жағдай жасалған. Қазір осы сектордың қызметіне жүгінетіндердің де қатары қалыңдай бастаған. Мысалы, бір ғана биылғы жылдың қыркүйек айының өзінде  Жамбыл облысында өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы некені тіркеу үшін 334 өтініш қабылданған. Осылайша,  өмірлік серігін тауып, болашаққа бірге қадам басқан жұптар интернет игілігін кеңінен пайдалануда.

 

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

 
0
0
513

Еще по теме

«Электронды» неке - Yvision.kz