Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЕЛДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫ - БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ.

«Бірлік болмай тірлік болмас», «Бірлік түбі – береке», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп, дана халқымыз бекер айтпаған. Данышпан Абай атамыз да «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп, адамзатты ортақ құндылықтар жолында бірігуге үндеді.

Ардақты ағайын!

Бүгінгідей ел басына ауыр күн туған шақта біз мемлекетіміздің тыныштығы үшін ортақ ойға, бірлікке ұюды үйренуге тиіспіз.

Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады. Бұл – тарихи заңдылық. Қазақ елінің бірлігі – мемлекетіміздің кілті. Бақытты елдің болашағы ол біздің бірлік, ынтымақ, сабыр мен парасат, байсалдылығымызға тікелей байланысты.

Қазіргі күні еліміздің көптеген өңірінде елді басып алуды көздеген жат пиғылды топтардың жолы кесілді. Бұл бір жағынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тиісті шешімдерді дер кезінде қабылдауы және сын сағатта өр мінез танытқан біздің күштік құрылымды органдағы сарбаздарының жанкештілігінің арқасы.

Қадірлі жерлестер!

Бастысы ел тыныш болса бәрі де қалпына келеді. Сол себепті, байлықтан да зор ел тыныштығына селкеу түсірмей, бірлігіміздің бекем болуына атсалысайық.

Исатай Құрмашев, "Nur Otan" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

0
0
193

Еще по теме

ЕЛДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫ - БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ. - Yvision.kz