ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨГАЛДАНДЫРУМЕН ЖАСЫЛ АЙМАҚ ҚҰРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд.ағаш және елді мекендерде 15 млн. ағаш отырғызуға қатысты жолдауы айтылды. Соған сәйкес елді мекендерді көгалдандырудың және жасыл аймақ құрудың жоспары облыс әкімімен бекітіліп, Министрлікке келісуге ұсынылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Дүйсен Құсбеков мәлім етті. Оның айтуынша, өңірлік жоспарға сәйкес, алдағы бес жылда елді мекендерде 200 мыңнан аса ағаш өсіру, елді мекен айналасына 2 500 гектарға дейін жасыл желек, басым бағытта сексеуіл ағашын өсіру жоспарлануда.
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен облыста 2019 жылдың 3 қазанында «Экологиялық сағат» республикалық акциясы ұйымдастырылды.
Оған өңірдегі барлық 141 білім беру мекемелері қатысып, жергілікті атқарушы органның қолдауымен мектеп аулаларына 4970 ағаш отырғызылды. Экологиялық жағдайды жақсарту туралы жоғары сынып оқушыларына экологиялық тәрбие сағаттары өткізілді. 2019 жылдың 12 қазанында өткізілетін орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен республикалық орман отырғызу акциясы барысында 4650 ағаш отырызылды.
Қиындықты еңсеріп,жеңіске бірге жетеміз! “NurOtan”-ға дауыс бер!
#NurOtan
