Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЕЛДІҢ КҮШІ — БІРЛІКТЕ!

13-15 наурызда республика аумағында ауа райының күрт төмендеп, үлкен көлемде қар түсіп, боран суырып өткені ауданымыз халқын да біраз әбігерге салғаны мәлім. Осынау қиын уақытта атқарушы органдардың тиісті бөлімдері мен мекемелері аяғынан тік тұрып, ауданға келер күре жолдарды тазалау, елді мекендерді қар құрсауынан шығаруға жұмыс жасады. Бұл тірліктен өкілетті орган өкілдері де тыс қалған жоқ. Мәселен, аудандық мәслихат депутаты Базарбай Нұрланов өзінің жеке техникасын (погрузчик) жанар-жағар майымен, жігіттерімен қалың қарда қалған бабаталық шопанның жанұясын бораннан алып шықты, Одаман асуында қалған көліктердің, ондағы жерлестеріміздің елге жетуіне жұмыс жүргізді. Депутаттар Нұржамал Майусова мен Елдос Қабылбеков өз қаржыларына Шолаққорғаннан техника жалдап, Жартытөбе ауылдық округіндегі әлеуметтік нысандарға барар жолдарды ашуға көмек көрсетті. Қатқыл ауа райы кезеңінде ауданды электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз етуге депутат Ғабит Елбергенұлы өз жігіттерімен атсалысты. Жартытөбе ауылдық округінің әкімі Болат Есенқабыл, ауыл жастары Жартытөбе, Аққолтық, Бабата ауылдарындағы көшелерді ашуға жұмыс жасады. Аудан әкімі Салыхан Сабырұлы орынбасарлары Бағдат Бегманұлы, Бекзат Тайұлы, Ақәділ Болатұлы жұмыла іске кірісті. Берік Әлтеков, Әліпбек Сөлтеков ағаларымыз бүкіл командасын жұмылдырды. Осындай ынтымақты тірліктің арқасында көптеген шығындардан теріскейліктер тағы да аман шықты. Әрине, табиғаттың тылсым мінезіне жұмыр басты қауқарсыз, дегенмен ынтымақ пен бірлік болса созақтықтар кез-кезген қиындықты жеңіп шығатынына күмән жоқ.

0
0
277

Еще по теме

ЕЛДІҢ КҮШІ — БІРЛІКТЕ! - Yvision.kz