ЕЛБАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖОЛЫ
Бүгін ағымдағы жылдың 27 қараша күні БҚО «Jas Otan» жастар қанатының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, «Елбасының көшбасшылық жолы» тақырыбында жастармен онлайн кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Елбасының жастар саясаты үшін жасалған еңбектері айтылып, бүгінгі жас буынға Елбасының нақыл сөздері мен өсиеттері насихатталды.

Сонымен қатар, шараға қатысушы - «Jas Otan» жастар қанаты жанындағы «Жас саясаткерлер» мектебінің білім алушыларына өңірдегі жас көшбасшылардың жетістіктері мен еңбектері туралы да айтылды.
@elbasy_nazarbayev
@nur_otan
#NurOtan
