kk
Default banner
Разное
426 450 постов45 подписчиков
Всяко-разно
0

ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ.

Биылғы жылдың 10 қаңтар күні ҚР Парламенті мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлау өткендігі белгілі.

28 қаңтар күні сайлауда халықтың сеніміне ие болған «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабының мүшелеріне Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хаттары табысталды. «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Светлана Байтенова партия мүшелерінің сайлауалды бағдарламасында көрсетілген міндеттерді орындауда да асқан белсенділікпен жұмыс атқаратынына сенім білдірді. Біз еліміздің бүгінгі жетістікке жетуі біріншіден елдегі сарабдал саясаттың, сондай-ақ айқын істері мен жарқын болашаққа жол бастаған «Nur Otan» партиясының жемісті еңбегінің нәтижесі екені анық. Сайлаудағы жеңіс әрқайсымыздың біліктілігімізге, жауапкершілігімізге, өз ісімізге толық берілгендігімізге тікелей байланысты. Біздің сайлау науқанындағы басты ұранымыз – «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» - ол еліміз үшін күрделі кезеңдердегі қоғамымыздың басты біріктіруші мақсаты мен құндылықтарын көрсетеді. Онда Елбасы айтқан жетістіктің үш негізгі қағидаты бар. Бұл - жауапкершілік, партиямыздың бірлігі, ортақ мұраттар мен мақсаттарды ұстану болатын.

«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы