ЕЛБАСЫ - НАҒЫЗ ТАРИХИ ТҰЛҒА
Нағыз елсүйгіштік қасиетінің арқауы осы ұлағатты ойда жатқан жоқ па?! Ел болып еңсе көтеру, жұрт болып жұмыла білу - ұрпақ қамын ойлап, болашағын болжаған халықтың асыл арманы. Тарих куә, халық арманына қанат бітірген аңызақ тұлға - Елбасы. ”Төбесіз жер, төресіз ел болмайды”дегендей, ұлт көшбасшысының арқасында дамудың даңғыл жолына түсіп, рухани жаңғырудың жарқын жолына қадам бастық. Кешегі тар жол, тайғақ кезеңде, егемендіктің елең-алаң шақтарында еліміздің еңсесін көтеріп, шекарамызды шегендеп, халқымызды төрткүл дүниеге танытқан, әлем халықтарының алдында құлдығы мен зорлығы жоқ жасампаз ел екенімізді әйгілеген, нұрлы болашаққа жетелеген, сан ғасырлар бойғы бабалар арманын баянды еткен, небәрі 12 жылда елорданы салып, айдай әлемге паш еткен, халқымызға пана, өскелең толқынға аға болған Елбасы - нағыз тарихи тұлға.
⠀
Күнтізбеге қызыл белгімен енетін айтулы датаның еліміз үшін орны айырықша. Бүгінгі әлем мойындаған тәуелсіз еліміздің уығын қадап, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен елбасыға айтар алғысымыз шексіз! Осы айрықша мәнді күні елдің игілігі үшін барлықтарыңызға зор денсаулық, мол бақыт пен береке тілеймін!
Канат Иматов,
Сарыағаш аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ басшысы, “Сарыағаш-Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің жетекшісі.
