Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"ЕЛБАСЫ - ЕЛДІҢ ТІРЕГІ"

Бүгін Түлкібас аудандық түрік этно-мәдени орталығының төрағасы - Абилов Жумабек Жолшыұлы "Елбасы - Елдің тірегі" атты тақырыбында тікелей эфир өткізді. Бейбіт тәуелсіз елде тұруымызға елбасымыз көп қол ұшын созды. Елбасы — ел тілегі, ел тірегі. Астананы аз уақыт арасында гүлдендіріп, жас қала қылды. Мемлекеттің дамуында басым роль атқарды. Дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат етті. Жастарға үлгі болу үшін, кітаптарын жарыққа шығарды. Қазақ халқының маңдайына біткен бақыт, тағдырына жазылған теңдессіз сый ол Елбасы. Ұлт Көшбасшысы Ұлы Даланың ұлттық ұстанымдарын тұла бойына сіңіріп, халқымызды бүкіл әлемге танытқан кемеңгер тұлға. Тәуелсіздігіміздің негізін қалап, сындарлы сәттерде сарабдал, салмақты сая­­сатымен елді сүріндірмей, дамудың даңғыл жолына жетелеген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – ХХІ ғасырдың әлем мойындаған қайраткері деп тікелей эфирді аяқтады.

0
0
121

Еще по теме