«ЕЛБАСЫ - ЕЛ ТІРЕГІ»

Жиын барысында «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі А.Жандарова тақырып аясында баяндама жасады.
Бейбіт тәуелсіз елде тұруымызға елбасымыз көп қол ұшын созды. Елбасы — ел тілегі, ел тірегі. Астананы аз уақыт арасында гүлдендіріп, жас қала қылды. Мемлекеттің дамуында басым роль атқарды. Жастарға үлгі болу үшін, кітаптарын жарыққа шығарды. Ұлт Көшбасшысы Ұлы Даланың ұлттық ұстанымдарын тұла бойына сіңіріп, халқымызды бүкіл әлемге танытқан кемеңгер тұлға. Тәуелсіздігіміздің негізін қалап, сындарлы сәттерде сарабдал, салмақты саясатымен елді сүріндірмей, дамудың даңғыл жолына жетелеген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – ХХІ ғасырдың әлем мойындаған қайраткері деп -, саяси кеңес мүшесі Р.Сайлауұлы қортындылады.
