Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЕЛ ІШІНДЕ «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Шардара ауданы бойынша «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер ел ішінде кездесулер ұйымдастыруды одан әрі жалғастыруда. Бүгін кандидаттар «Есіктен-есікке» шарасы бойынша аудан орталығында және ауылдық округтерде тұрғындармен дидарласып, емен-жарқын әңгімелесті. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы мен партияның жетістіктері туралы кеңінен тарата айтқан үміткерлер тұрғындарды сайлау күнінде «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Сайлаушылар да өз кезектерінде өтініштерін айтып, кандидаттарға ізгі тілектер білдірді.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
101

Еще по теме

ЕЛ ІШІНДЕ «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА - Yvision.kz