ЕЛ ЕРТЕҢІН ОЙЛАҒАН ЕЛБАСЫ
Өзіне бас болар, мемлекеттің болашақ іргесін қалар, қанатын қатайтып, қалықтаған қырандай, жол барысын алып жүре алатын көш басшысын сайлау еді. Ал, сол тізгінді сеніп, бүкіл халық осы уықытқа дейін билік басында жүріп, келешекте кемел саясаткер бола алатын бірден-бір тұлға деп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты бір ауыздан сайлады. Үміт ақталды. Ел еңсесін көтерді. Әлемнің дамыған 50 елінің қатарынан көріне білді. Біріншіден елдің астанасын еліміздің жүрегіне көшіріп, көрегендік танытты. Аймақтарды, шағын қала мен көне тарихы бар шаһарларды қайта дамыту мақсатында түрлі бағдарламалар қабылдап, қараусыз қалған кесенелерді қайта жаңғыртып, құлдырауға түскен туризм саласына жан бітірді. Соның бірі түркі еліне ортақ Түркістан қаласы. Облыс орталығы етіп, Өзге шаһарлармен терезесі тең алып қала қатарына қосу үшін бас жоспарын басынан қарап, бүгінде қарқынды дамып, тарихы тереңге кеткен, көне шаһардың бүгінде көркіне көз тоймайды.
Мен бір ғана мысал келтірдім. Елбасының ел ертеңі үшін жасаған еңбегі ұшаң теңіз. Бір отбасыны асыраудың олардың ас-ауқатын табуыдың өзі үлкен мәселе. Ал ел басқарып, бүкіл елдің қамын ойлап, жасампаздық жасау кімнің болсада қолынан келе бермейтін іс.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз баянды болсын.
Мереке құтты болсын!
Бақдәулет Айдағараев,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
#BIRINShI
