Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЕЛ ЕРІМЕН МАҚТАНАР

Бүгін партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын іске асыру аясында «Ел – ерімен мақтанар» атты ауған ардагерлерімен кездесу жиыны өтті.

Өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік, патриоттық сезімдерді қалыптастырып, батырлық қасиеттерді сіңіру, сұрапыл жылдарда от кешкен майдангер батырлардың ерлік жолын насихаттау мақсатында өткен шараға ардагерлер, аудан жастары, үкіметтік емес ұйым және БАҚ өкілдері қатысты.

Өлшеулі өмірінің бір бөлігін, жауқазын жастық шағын сұрапыл соғыстың өтінде өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан ауған соғысы ардагерлерімен жүздесу жиынын «Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абай Құрман ашып, жүргізіп отырды.

Сөз барысында: «Тәуелсіздігіміздің әр жылы – ғасырға бергісіз тарихи кезеңдер. Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін де біраз қиындықтарды бастан кешірді. Сондай тарих беттеріне естен кетпестей із салған тарихи оқиғаның бірі – Кеңес Одағы тұсында қазақ жігіттерінің Ауған соғысына қатысып, өздерінің Отан алдындағы азаматтық парызын өтеуі еді. Бүгінде ырысы мен ынтымағы, бірлігі мен берекесі жарасқан еліміз «Nur Otan» партиясының төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бейбіт ел ретінде «Мәңгілік ел» жолында нақты қадамдар жасап келеміз. Бабаларымыз сан ғасырлар бойы армандаған егемендігімізді ұлықтап, бейбіт күннің парқын сезінуіміз керек»,-деген Абай Тінейбайұлы жастарды бейбіт өмірдің бағасын білуге шақырды.

Басқосуда «Ауғанстан соғысы ардагерлері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі Отырар аудандық филиалының төрағасы Серік Ақылов пен ардагер Сейітқали Жүнісов сұрапыл кезеңдерден естеліктер айтып, дүниеде елдің тыныштығы мен тәуелсіздігінен асқан бақыт жоқ екендігін сөз етті. Сондай-ақ, ардагерлер қазіргі жастарымызды Отан алдындағы борышын өтеуде, егемен елдің көк туын биік ұстауға, туған елге қалтқысыз қызмет етуді үндеп, жастар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Еске сала кетсек, осыдан 31 жыл бұрын Ауған соғысына КСРО аумағынан мыңдаған сарбаз қатысқан болатын. Қолда бар деректерге сүйенсек, осы соғыста Кеңес Одағынан 15 мың 51 адам оққа ұшып, 118 ұшақ, 800 танк және 11 мың 369 әртүрлі әскери техникалар жойылып кетті. Ауған соғысына қатысқан қазақстандықтардың саны – 22 мың 269 жауынгерге жеткен. Соғыс даласында Қазақстан 924 боздағынан айрылса, 1015 жас елге мүгедек болып оралып, 21 солдат іс-түзсіз кеткен.

Сұм соғысқа Түркістан облысынан екі мыңнан аса азамат ілініп, ауған қасіретін көзбен көрсе, Отырар өңірінен 32 сарбаз соғыс майданында қолдарына қару алған. Бүгінде көзі тірі 11 отырарлық ардагер ағаларымыз еліміздің өркендеп, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болуына өз үлестерін қосып келеді.

0
0
135

Еще по теме

ЕЛ ЕРІМЕН МАҚТАНАР - Yvision.kz