ЕЛ БОЛАШАҒЫ - ЖАСТАР!
ЕЛ БОЛАШАҒЫ - ЖАСТАР!
«Мен сендердің өз елдеріңмен мақтанғандарыңды, оның тарихын жақсы білгендеріңді және алға сеніммен қарағандарыңды қалаймын. Қазақстанның болашағы берік қолда екеніне және сендер оны аса дамыған 30 елдің қатарына қосатындарыңа сенімдімін» - деп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел болашағы жастарға сенім білдірген болатын.
«Жастар Отанға!» бағдарламасы ел мен қоғамды дамыту мәселелеріне жастардың етене араласуын арттыру болып табылады.
«Nur Otan» партиясы Жуалы аудандық филиалының жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы Рахметова Ақмарал Абдуллақызы «Жастар Отанға!» бағдарламасын түсіндіру бойынша аудан жастармен «Zoom» платформасы арқылы онлайн кездесті.
