ЕЛ АҒАСЫЗ БОЛМАЙДЫ
Бүгін Төлеби аудандық "Nur Otan" партиясының желілік кестесіне сай аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Д. Хангельдиева мен Г. Қарабаева, М.Ермаханбетова, А.Катаев және Е. Майлыбеков Жоғарғы Ақсу ауылдық округіне қарасты Сарқырама елді мекенінде "Есіктен есікке" акциясы аясында үгіт жұмыстарын жүргізді.

Жоғарғы Ақсу округі бойынша ардагерлер кеңесінің белді мүшесі, ел ағасы Тұрар Жақыповпен жүздесудің сәті түсті. Кезінде осындағы "Коммунизм" совхозында 10 жыл бас есепші, 4 жыл басқарма төрағасының орынбасары, 4 жыл бас экономист қызметінде абыройлы атқарған Тұрар көке ел Тәуелсіздігін алғаннан кейін 1997 жылдан бастап "Ақсай" өндірістік кооперативін басқарған. 2015 жылы құрметті зейнет демалысына шыққан ол кісі бүгінде ауылдық округтің қоғамдық жұмыстарының бел ортасынан табылып, жастарға ақыл-кеңесін айтып, үлгі-өнеге танытуда. Т.Жақыпов ұзақ жылдардан бері "Nur Otan" партиясының мүшесі екенін, осы партияға дауыс беретінін айтты.
Т.Жақыповтың еліміздің өркендеуіне қосқан еңбегі лайықты бағаланған. Ол 1,2 дәрежелі "Еңбек даңқы", "Ерен еңбегі үшін", "Еңбек ардагері", "Астана қаласына 10 жыл" мерекелік медальдарымен марапатталған.
Үміткерлер де өз кезегінде тұрғындарды 10-қаңтарда болатын сайлауда еліміздің жетекші партиясына дауыс беруге шақырды.
"Nur Otan": Бюллетенде екінші! Өмірде бірінші!"
@nur_otan @baibekbk @jas_otan #NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021
