Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЭКСПРОМТ-ВСТРЕЧА кандидатов в депутаты районного маслихата на территории КХ "Жана жер"

Еңбек адамдары қолдайды

25.12.2020ж. Ерінбеген адам ғана өз нәпақасын адал тауып, ел игілігін еселеуге үлес қосары анық. Аудандағы шаруа құрылымдарының өнікті ісі, аудан экономикасын көтеруге қосып отырған көмектері ұшан-теңіз. Екі қолға бір күрек беріп отырған еліміздегі мамыражай тірлік, бейбіт аспан, достық шырай мен ынтымақ «Nur Otan» партиясы жүргізіп отырған өміршең саясаттын нәтижесінде мүмкін болып отыр. Келер жылдың қаңтар айында өткелі отырған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының сайлауынан хабардар «Жаңа жер» шаруа қожалығының жұмысшыларымен экспромт-кездесуге келген облыстық мәслихатқа үміткер М.Байжанов және аудандық мәслихатқа үміткерлер С. Байтенова, Г.Волкогон, С.Казиев, Ә.Талдыбаев «Nur Otan» партиясы ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындағаны

Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасау.

Аймақты дамыту бағытындағы 7 басым бағыттармен таныс дала еңбеккерлері ойға алынған шаралар легі шын мәнісінде жүзеге асар болса ауданымыздың әлеуеті бұдан да артып, жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың әлеуметтік жағдайы көтерілеріне сенімді. Сондықтан да жаңажерліктер алдағы сайлауға бір кісідей қатысып, өздері дұрыс таңдау жасайтындары туралы уәде етті.

#NUROTAN

#JenimpazBol

#BizBirgemiz

#Tanday2021

0
0
136

Еще по теме

ЭКСПРОМТ-ВСТРЕЧА кандидатов в депутаты районного маслихата на территории КХ "Жана жер" - Yvision.kz