Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЭКСПРОМТ-ВСТРЕЧА кандидатов в депутаты Мажилис на КХ "Намиева"

Отбасылық бизнестің ұтары көп

24.12.2020ж Ауданымызда «Намиева» жеке кәсіпкерлігін білмейтін тұрғын кемде-кем. Дала төсінде мал мыңғыртқан, шүйгін шөпке шалғы салған, кондитерлік өнімі тіл үйірген, пештен жаңа шыққан наны әр үйдің дастарханынан орын алған бұл отбасылық кәсіпкерлік ұжымы жыл өткен сайын өздері бастаған бағыттың жемісін көруде. Осы үлкен отбасылық ұжымның бір бағытын ұстанған «Намиев» ШҚ «Аружан» кондитерлік цехына ауданымға келген сапарында Қазақстан Республикасы Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Мәлік Иманқұлұлы Құлшар, Жаңабек Жаңабайұлы Жақсығалиев және Сәбира Өмірғалиқызы Сүндетова экспромт кездесу өткізіп, бас сұқты. Әңгіме өзегі шағын ұжым алдына қойған мақсаттар, ұжымның тыныс-тіршілігі, алдағы межелер төңірегінде негізделіп, цех жұмысшыларының арнайы өкілдерге өткелі отырған сайлауда партияға жеңіс, кандидаттарға сәттілік тілеуімен мәреге жетті.

Еще по теме

ЭКСПРОМТ-ВСТРЕЧА кандидатов в депутаты Мажилис на КХ "Намиева" - Yvision.kz