Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

қоғамдық штаб мүшелері мен сенімді өкілдері Жетісай қаласындағы «Отан» ЖШС қызметкерлерімен кездесіп, үміткердің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Әділетті Қазақстанды құру жолында атқарылатын саяси және экономикалық реформаларға тоқталды.

Экспромт-кездесуде елдегі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру, сондай-ақ, шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыру, сапалық және инклюзивтік тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында тың тәсілдердің қолға алынып жатқанын жеткізген штаб мүшелері сайлаушылар қойған сұрақтарға жауап берді.

Жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, яғни, мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту, бәсекелестікті дамыту, яғни, бәріне бірдей мүмкіндік беру, сондай-ақ, ұлттық табысты әділ бөлу – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекеттің экономикалық бағдарының басты басымдықтары болмақ.

Кездесу соңында сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Еркін форматта өткен кездесу соңында алдағы сайлауда халықтық коалиция атынан ұсынылған кандидат Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтар жазылған үнпарақшалар таратылды.

0
0
166

Еще по теме

ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА - Yvision.kz