Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУЛЕР ӨТУДЕ

«Nur Otan» партиясы атынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне үміткер Ұлжанат Жұрымбетова бүгін Шардараға арнайы ат басын бұрды. Үміткер осы сапары аясында жергілікті тұрғындармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Ұ.Жұрымбетова экспромт-кездесу шарасы аясында аудан орталығындағы «Жәния» сауда үйінде тұрғындармен, тұтынушылармен және кәсіпкерлермен жолығып, сұқбаттасты. Жүздесу барысында партия бағдарламасы мен мақсат-міндеттерді талдап түсіндіріп өтті. Сонымен бірге партия атынан парақшалар таратып, оларды ертеңгі күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
188

Еще по теме

ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУЛЕР ӨТУДЕ - Yvision.kz