Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясының Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер С.Ертаев, Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлер А.Ақынғазиева, А.Құрбан, З.Досанбаева, Е.Исақұлов, Д.Көбеев, Е.Аманқұлов «Ешанқұл ата» жабық базарында болып, сайлаушылармен кездесті.

Кездесу барысында депутаттыққа үміткер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, онда көрсетілген басты бағыттарды атады.

«Nur Otan» партиясының Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер С.Ертаев:

-Біздің бағдарлама ел экономикасын дамытып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Біздің аудан аграрлы аудан болғандықтан ауыл шаруашылығын дамытудағы нақты шараларды ұсынып отырмыз. Әрбір аудан тұрғыны бақуатты өмір сүруге құқылы. Сол себепті халықтың ынтымағын ойлайтын, елді бірлікке шақыратын, еліміздің гүлденіп әлемдегі өркениетті елдердің көшіне қосылатын елге айналуға бағытталған партия бағдарламасын қолдай отырып «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіздер!-деді.

Кездесу барысында аудан тұрғындары шешімін таппай жүрген көкейкесті сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.

Еще по теме

ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ ӨТТІ - Yvision.kz