ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ СУ МЕКЕМЕСІНДЕ ӨТТІ
Созақ аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Смайлов Нұрлан Рысбайұлы Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында "Шолаққорған Су" мекемесі ұжымымен экспромт-кездесу өткізді. Кездесу барысында сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарымен таныстырды. Партияның ауданды дамытуда нақты жеті басымдықпен жұмыс жасайтынын, оның ішінде экономикалық тұрақты аудан, жайлы аудан, әлеуметтік бағдарланған аудан, жастарға арналған аудан, тарих пен мәдениетті дамыту, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз аудан бағыттары бар екендігін атап өтті.
«Елімізде сайлау өтетінінен хабардармыз. «Nur Otan» партиясы жетекші партия ретінде түрлі жобаларды жемісті жүзеге асырып келеді. Түйткілді мәселелер де партияның жіті бақылауында. Партияның бағдарламасымен таныспыз. Қолдау білдіреміз», - деді ұжымның атынан сөз алған Ғазиз Нышанбаев. Сондай-ақ 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсене қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге үгіттеді.
