Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЭКСПРОМТ – КЕЗДЕСУ. «ҚАЙЫП АТА» ЖШС

«Nur Otan» партиясынан Түркістан облыстық және Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Н.Аширов, А.Перналиев, Е.Исақұлов, А.Ақынғазиева, З.Досанбаева, Ж.Жансеитова, Қ.Қамбарбекова Ақбастау ауылындағы «Қайып ата» жауапкершілігі серіктестігі ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы 7 басым бағыты бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Партия бағдарламасында көрсетілген, аудан тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылатын жұмыстар туралы тоқталып өтті. Өңірде инвестицияларды тиімді салу, көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларынан барынша пайда алу, жаңа озық технологияларды енгізу, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен және өнімділігі жоғары техникамен әртараптандыру және жарақтандыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру, халық тығыз орналасқан елді мекендердегі мал жайылымдар мәселесін оңтайлы шешу, қосалқы шаруашылықтарды одан әрі дамыту мен жақсарту үшін мемлекет тарапынан қолдау, аудан аумағында арнайы агроаймақ құру жұмыстары жалғастырылатындығын жеткізді.

Нақтырақ айтқанда:

- «Асыл бастау. kz» ЖШС-нің майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май өндіру өндірісін ашуға;

- «Сапа-2002» ЖШС-нің мал бордақылау кешенін 20 000 басқа ұлғайтуға;

- 5000 бастық бордақылау алаңын салуға (ЖК «Р.Мамбеталиева»);

- қолданыстағы қайта өңдеу объектілерінің шығарылатын өнімдерінің ассортиментін кеңейтуге ықпал етеді;

- кәсіпкерлер мен фермерлерге инвестициялаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысуы үшін қолдау көрсетеді;

Нәтижесінде асыл тұқымды мал басының үлесі артып, мүйізді ірі қара мал саны 10,0%-ға, қой саны 15,0%-ға артады. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу көлемі 2,5 млрд. теңгеге жеткізілетінін атап өтті.

Кездесу соңында, сайлаушылар тарапынан көтерілген мәселелерге тиісті жауаптар беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу соңында, үміткерлер барлық сайлаушыларды, 10 қаңтар күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
228

Еще по теме

ЭКСПРОМТ – КЕЗДЕСУ. «ҚАЙЫП АТА» ЖШС - Yvision.kz