Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ

ЖШС кәсіпорнының қызметкерлерімен кездесті. Қоғамдық штаб мүше Ж.Тергеубайқызы еңбек адамдарымен жылы жүздесіп, кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысып, жұмысшылардың саяси науқан туралы ойларын тыңдады.

Штаб мүшесі «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайссымыз үшін» атты үміткердің сайлауалды бағдарламасының басымдықтарына тоқталып, жұмысшы құқықтары мемлекеттің қатаң қадағалауымен және күшті кәсіподақтармен қамтамасыз етілетін бәсекеге қабілетті және қауіпсіз еңбек ортасы құрылатыны жайлы баяндады.

«Ішкі еңбек нарығын қорғап, жұмысшылардың мүдделерін қамтамасыз ету үміткеріміздің сайлауалды бағдарламасында анық жазылған. Мемлекеттік қолдау шараларына ие болу кезінде бизнестің көлденең міндеттемелерін белгілеу арқылы қызметкерлердің жалақысын көтеруді ынталандырамыз. Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап инфляция деңгейіне байланысты ең төменгі жалақыны көтеру механизмі енгізіледі», деді штаб мүшесі Ж.Майлыбаева.

Сондай ақ, жиында жалдамалы еңбектің қашықтан жұмыс, икемді жұмыс уақыты, толық емес жұмыс күні, фрилансинг сынды жаңа нысандарын дамыту үшін еңбек заңнамасын ырықтандырылатындығы айтылды.

Кәсіпорын қызметкерлері Қ. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына зор қызығушылық танытып, еліміздегі қордаланған мәселелерді шешу жөніндегі көзқарастарына қолдау білдірді.

0
0
221

Еще по теме