ЭКСПРОМТ - КЕЗДЕСУ
Бұл жайында ел Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Қазығұрт аудандық қоғамдық штаб төрағасы Исақұлов Есімхан, штаб мүшесі Абуов Бекболат Қазығұрт ауданындағы «ЭВРИКА» сауда үйінде сайлаушылармен өткен экспромт-кездесу өткізді.
«Мемлекет басшысы өз сайлауалды бағдарламасында жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле береді деді. Яғни, кәсіппен айналысамын деген жастарға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Әділетті Қазақстанда заң талаптарын сақтайтын кез келген шағын, орта және ірі бизнеске лайықты жағдай жасалады. Осы арқылы азық-түлік бағасын тұрақтандыруға болады, – деді штаб мүшесі Б.Абуов.
Кездесу барасында штаб мүшелері сайлаушыларға кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлының реформалары туралы жазылған таратпа үнпарақтар таратылып, алдағы өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
#TOQAEV2022
