«Экспромт-кездесу»
«Экспромт-кездесу»
14.09.2021 жылы "Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Шоқпаров Ерғали Отарғалиұлы Жетісудың жауһары «Жаркент мешіті» сәулет-көркемөнер музейі - мұражайына барып "Экспромт-кездесу" өткізді.
«Жаркент мешіті» - ХІХ ғасырға жататын сәулет өнері ескерткіші. Кешен құрылысы екі кезеңмен жүргізілді, 1-ші кезең 1887 жылдан 1890 жылдарды қамтиды. Бірінші кезеңде мешіт ғимараты және басты кіру порталы салынды. Екінші кезеңде 1891 жылдан 1892 жылдар аралығында медресе ғимараты, дұға оқитын үй, қақпа-қоршаулар тұрғызылды. Құрылыс жұмыстары Пекиннен шақырылған Қытай маманы, инжинер – Хон Пиктің басшылығымен жүргізілді. Тапсырыс беруші Вали Ахун Юлдашев. Кешеннің ең басты нысанының маңыздысы мешіт ғимараты болып табылады. Мешіт сол уақыттың ең түп нұсқалы әдісімен салынған. Құрылыс кезінде бірде-бір шегелер, бірді-бір тұтқалар (скобы) қолданылмады. Бағандар тастарға отырғызылған, ерекше телім тастармен тегістелген және шеңбер түріне келтірілген. Кешеннің тағы бір негізгі бір бөлшегі болып, мешіт-мұнарасы салынған басты кіру-порталы болып табылады. Оның жазулары трафаретсіз қылқаламмен жазылған.
Ғасырларды артқа тастаған көркем сәулет өнерінің асыл мұрасы бүгінгі күнге бәз қалпында жетті. Қайта жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін көне жәдігер тарихтан сыр шертетін мәдени мұражайға айналды. Мұнда өнер туындысын тамашалауға келген келушілердің барлығы бірегей ғимарат құрылысына тәнті болып қайтады. Кездесу барысынды "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланып, сұрақтарға жауап берді.
