Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Экспромт кездесу

«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты, және "Жаркент өңірі" газетінің директор-бас редакторы ретінде Айтмұқаева Бағдат Бейсенқызы ауданымызда шағын кәсібін ашып, оны дамытып отырған шаштаразшылар Ұлбосын Сәрсемхан мен Айнұр есімді кәсіпкер қыздармен экспромт кездесу өткізді, депутаттық сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Кәсіп бастаудың машақаты бір бөлек болса, сол кәсібіңді дамытудың жөні бір бөлек. Бұл ретте Ұлбосын мен Айнұр тынымсыз еңбек етіп, өз істерінің нағыз шебері ретінде көп тер төгіп келеді. Осындай еңбекқор кәсіпкерлермен кездесу барысында қойылған сұрақтарға жауап беріп, жүйелі жұмыстың ретімен таныстырды. Алдағы уақытта осы секілді депутаттық кездесулер легі өз жалғасын таба бермек.

0
0
127

Еще по теме

Экспромт кездесу - Yvision.kz