Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«Экспромт-кездесу»

«Экспромт-кездесу»

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Бегімбекова Ұлдана Қуандыққызы "Экспромт-кездесу" іс-шарасын өткізді. Осыған орай, ауданымызда орналасқан «Уәлибай мешіті» - не барып экспромт-кездесу өткізді. «Жаркент мешіті» - ХІХ ғасырға жататын сәулет өнері ескерткіші. Кешен құрылысы екі кезеңмен жүргізілді, 1-ші кезең 1887 жылдан 1890 жылдарды қамтиды. Бірінші кезеңде мешіт ғимараты және басты кіру порталы салынды. Екінші кезеңде 1891 жылдан 1892 жылдар аралығында медресе ғимараты, дұға оқитын үй, қақпа-қоршаулар тұрғызылды. Құрылыс жұмыстары Пекиннен шақырылған Қытай маманы, инжинер – Хон Пиктің басшылығымен жүргізілді. Тапсырыс беруші Вали Ахун Юлдашев. Кешеннің ең басты нысанының маңыздысы мешіт ғимараты болып табылады. Мешіт сол уақыттың ең түп нұсқалы әдісімен салынған. Құрылыс кезінде бірде-бір шегелер, бірді-бір тұтқалар (скобы) қолданылмады. Бағандар тастарға отырғызылған, ерекше телім тастармен тегістелген және шеңбер түріне келтірілген. Кешеннің тағы бір негізгі бір бөлшегі болып, мешіт-мұнарасы салынған басты кіру-порталы болып табылады. Оның жазулары трафаретсіз қылқаламмен жазылған.

Қақпаларын бұқар Зәйнутдин Әмір Темір заманына сәйкестендіріп салған. Кешен қаланың орталық бөлігінде орналасқан. Көлемі 1,12 га жерді алып жатыр. Кешеннің сәулеттік-жоспар шешімі Шығыс Түркістан мұсылмандарының мәдени құрылысына тән келетін мешіттің түріне жатады. Ансамбль Қытай және Орта Азияның сәулеттік бөлшектеріне сәйкестендіріп жүргізілген. Кешеннің құрамына кіретіндер: мешіт ғимараты, басты кіру-порталы, медресе, дұға оқитын үй, қақпа-қоршаулар. Мешіт ғимараты кешен композициясының негізгі элементі болып табылады. Ауланың ортасында орналасқан /55х29м/ биік емес кірпіш және ағаштар қатарымен қоршалынған. Ғимарат сүйеніштері 68 ағаш бағандардан тұрады. Ғимараттың ішкі сәулетінде қытай сәулетінің элементтері қолданылған: төбесіне және ғимаратты айнала биіктігі 3,6м, диаметрі 0,3м болатын 52 қатар орнатылған. Бөлменің ішкі көрінісін ұйғырдың халық шебері Хасен Пулат безендірген және Орта Азия сәулетін пайдаланған.

0
0
225

Еще по теме

«Экспромт-кездесу» - Yvision.kz