Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Экспромт-кездесу

Экспромт-кездесу

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты, "Жаркент өңірі" газетінің директор-бас редакторы Б.Айтмұқаева өңірлік газеттің 100 жылдығына орай және сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында Басқұншы ауылдық Мәдениет үйі және кітапхана қызметкерлерімен Экспромт-кездесу кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мәдениет үйінің директоры Амангелді Сәйденұлы, көркемдік жетекші Данияр Үркімбаев, кітапханашылар Сәуле Қарғамбекова және Назгүл Асқарқызы басылым жұмысымен, сайлауалды бағдарламамен танысып, түрлі сауалдарын қойды. Өз кезегінде жаңалықтар жаршысына айналған беделді басылымның директор-бас редакторы қойылған сауалдарға жауап беріп, басылым жұмысын және сайлауалды бағдарламасымен тереңірек таныстырды.

0
0
137

Еще по теме

Экспромт-кездесу - Yvision.kz