«Экспромт-кездесу»
«Экспромт-кездесу»
19.05.2021 жылы "Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Шоқпаров Ерғали Отарғалиұлы Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, батырлар алеясында ауданымыздың жастарымен «Экспромт кездесу» өткізді. Кездесу барысында партияның алдағы бес жылдағы ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі басымдықтарына тоқталды. Сондай-ақ аудан жастарының өтініш-тілектерін тыңдай келе, алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылатындығын жеткізді. Сонымен қатар тұрғындармен пікір алмасып, партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы туралы айтып өтті.
