Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Экспромт-кездесу

Экспромт-кездесу

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Бегімбекова Ұлдана Қуандыққызы "Экспромт-кездесу" іс-шарасын өткізді. Осыған орай, ауданымыздағы Тарихы терең, қасиеті ерен «Әулиеағаш» жеріне барып экспромт-кездесу өткізді. Бұл өңірдің бұлайша әйгілі болуының бір ұшы осынау киелі топырақта жеті ғасырдан бері жайқалып өсіп тұрған, діңінің жуандығына жеті адамның құлашы әрең жететін алып ағаштың қасиетінде екенін еске салсақ, тағы да - артық айтпағандығымыз. Жергілікті ел-жұрт әр қилы кезеңде «Әулиеағаш», «Үлкенағаш», «Жуанағаш» атаған осынау табиғаттың таңғажайып туындысы - жеріміздің, еліміздің мәңгілік мақтанышы! Күллі қазақ жеріндегі жасыл желектің анасы іспетті бұл киелі ағаштың аясынан жыл сайын егеменді еліміздің «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын көгалдандыру, көркейту істері бастау алады. Сонымен қатар бұл ерекше ағаш «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өмірге келген «Қазақстанның киелі орындары» тізімінің қатарына ресми түрде енген. Киелі ағаш өскен саялы тоғайдың кіреберісіне KR - код орнатылған. Биылғы жазда бұл киелі орынның айналасы арнайы жоспар бойынша абаттандырылып, бас-аяғы екі айдың ішінде адам танымастай өзгертілді. Құрылыс жұмыстары тура қасиетті Құрбан айттың қарсаңында толық аяқталып, көрінісі көз қызықтырар орынға айналды.

0
0
110

Еще по теме

Экспромт-кездесу - Yvision.kz