Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Экспромт-кездесу

Экспромт-кездесу

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Дарубава Айгуль Жұмағұлқызы "Экспромт-кездесу" іс-шарасын өткізді. Панфилов ауданы, Н.Н. Головацкий ауылы, Н.Н. Головацкий орта мектебінің «Н.Н.Головацкий» мұражайына барып экпромт кездесу өткізді.

Н.Н.Головацкий Қазақстандағы ауыл шаруашылығының ірі ұйымдастырушысы және жаңашылы, Алматы облысы Панфилов ауданының «Октябрьдің 40 жылдығы» алдыңғы қатарлы колхозының төрағасы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері. Лениннің алты орденімен, Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және КСРО-ның көптеген медальдарымен марапатталған. Екі Мәрте Социалистік Еңбек Ері. Қазақстанның еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері.

Оның есімі Жаркент алқабының әрбір тұрғынына қымбат. Оның өмірі, жер-анаға, еңбекке және егістік пен фермадағы еңбек адамдарына деген сүйіспеншілігі мен ұқыпты қарым-қатынасы жаңа ұрпаққа үлгі.

Жаркенттіктер Николай Никитичтің 1985 жылы Батыр медалін екінші рет алған кезінде айтқан сөздерін әлі күнге дейін ұмытпайды: «Мен өз еліме ризамын, мен – қазақ даласының ұлымын. Менің анам да, әкем де осы жер», ол өмірінің соңына дейін осы сөздерінен айныған емес.

Еще по теме

Экспромт-кездесу - Yvision.kz