Экспромт-кездесу
Экспромт-кездесу
"Nur Otan" партиясы Алматы облыстық мәслихат депутаты С.Ақсубаев және Панфилов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары және аудандық мәслихат депутаты Қ.Досмаилов "Экспромт-кездесу" іс-шарасын өткізді. «Өнерді түсіну үшін өнер туралы білімің болсын»,-деген екен. Орынды айтылған қағида деп ойлаймын, онсыз қылқалам құдіретін түсіну қиынға соғары анық. Осыған орай, ауданымызда орналасқан «Әбілхан Қастеевтің көркемсурет галереясы» МКҚК-на барып, экспромт-кездесу өткізді. Әбілхан Қастеев – Ұлы даланың Ұлы перзенті. Сондықтан да атамыздың музейіне кірмей кету осы ауданның перзенттеріне үлкен сын. Себебі бұл үй – тарихи үй. Бұл үйде есімі әлем елдеріне танымал суретшінің тың туындылары мен өңірдегі кіл шеберлердің тамаша өнерлері қойылған.
Осындай суретшінің бай шығармашылық мұрасын сақтап, зерттеп және көпшілікке насихаттап отырған музей ұжымының да еңбегі орасан. Келешек өсіп келе жатқан ұрпақ еліміздегі осындай рухани қазынаға толы жерлерге көбірек бас соғып, тарихымыз бен мәдениетімізге жауапкершілікпен қараса еліміздің болашағы жарқын боларына сенім мол.
Кездесу барысынды "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланып, сұрақтарға жауап берді.
