Экспромт кездесу
"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында Облыстық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Нұрлыбек Ғилажұлы Даумов, Мақсот Нұрланұлы Абуов, Сайын Сәлімгерейұлы Қуанышев, Абдулла Хамитұлы Идрисов және Аудандық мәслихат депутатының кандидаты Альберт Өтегенұлы Аққайнановтар Халыққа қызмет көрсету орталығында қызметкерлерімен және келушілермен кездесті.
Кездесуде аудан, ауыл мәселелері сөз болып, болашақта "Nur Otan" партиясының қатысуымен атқарылатын Қызылқоға ауданына арналған іс шаралар жоспарлары таныстырылып, партияға дауыс беруге шақырды.
