ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ:
"Nur Otan” партиясының атынан Түркістан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Тұрысбеков Мағауия Сексенбайұлы Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында орналасқан “Арай ”сауда орталығы сатушыларымен және сауда жасап жүрген тұтынушылармен жүздесіп, экспромт кездесу өткізді. Аталған шараға аудандық мәслихат депутаттығына үміткер бірқатар азаматтар және "Jas Otan" ЖҚ тарапынан жасақталған белсенділер қатысты. Кездесу барысында үміткерлер “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, тұтынушылар мен сатушылар тарапынан түскен ұсыныс пікірлерді тыңдап, қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.
Алдағы 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлауда “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды.
