ЭКСПРОМТ – КЕЗДЕСУ
Төлеби аудандық ауруханасы ұжымымен аудандық кандидаттар экспромт кездесу өткізді. Кездесуге Д.Айтпаев, А.Жандарова, А.Шырынбек, Д.Ештаева және Д.Мусаев қатысты.
Төлеби аудандық "Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізген кандидаттар ақ халатты абзал жандарды "Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Медицина қызметкерлерін партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, олардың сұрақтарына жауап берді. Сұрақтар COVID-19 індетінен сақтану, гигиеналық тазалық, денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер болды.
Кандидаттар Азаматтардың жағдайы өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші екенін айтып, партияның білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізу арқылы аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайларын арттыруға күш салатынын жеткізді.

Бірлік, тұрақтылық, жасампаздық - біздің барша қазақстандықтарға тастайтын партиялық ұранымыз.
Бұл бағытта "Nur Otan" партиясы талай жылдан бері бағдаршам болып келеді. Сіздерді саяси науқанға белсене атсалысып, "Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырамыз --деді үміткерлер.
