Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Экспромт кездесу

Бүгін экспромт кездесулерді жалғастырдым. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Жымпиты ауылы түсынан салынған ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру үшін ашылған "Жібек жолы" автокешені, "Azia" дәмханасы, "Жарқын" жиһаз дүкені, "Sinoil" жанар- жағармай бекеті, сондай ақ аудан орталығында орналасқан "Өркен", "Аққу", "Қалқаман" азық- түлік дүкендеріне барып қызметкерлерге және тұтынушыларға сайлауалды бағдарламасымен қысқаша таныстырдым.

Еліміздің бүгінгі жетістікке жетуі біріншіден елдегі сарабдал саясаттың, сондай-ақ айқын істері мен жарқын болашаққа жол бастаған «Nur Otan» партиясының жемісті еңбегінің нәтижесі деп білемін.

Сол себепті алдағы 10 қаңтар күні өтетін сайлауға бір кісідей атсалысып, баршаңызды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын!

"Nur Otan": Бюллетенде екінші! Өмірде бірінші!"

0
0
106

Еще по теме

Экспромт кездесу - Yvision.kz