Экспромт кездесу
Белгіленген жоспарымызға сай, бүгін Берекелі Бейнеудегі базарда экспромт кездесу өткіздік.Nur Otanпартиясының бағдарламасын түсіндірдік. Базардағы кәсіпкерлер бейбіт күннің қадірін білуді, тыныштық үшін ауыздың бір болғанын қалайтындарын, дегенмен пандемия салдарынан табыс көзінің азайғанын, карантинде кіріс түсімі төмендегенін айтты. Біз, партияның бизнестің дамуына жасағалы отырған жоспарын таныстырдық. Салық саласында жеңілдіктер болатынын баяндадық. Саудагер азаматтар партияның бағдарламасымен танысып қуанып қалды. Алдағы сайлауға баратындарын айтып жатты.
#NurOtan
#edilzhangbyrshin



