Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ"

Бүгін «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Раджу Сайлауұлы, Катаев Алибек, Майлыбеков Ержан Тасарық ауылдық округі, Жамбыл ауылында орналасқан жеке кәсіпкер Серібаев Абдібақыттың шаруа қожалығының ұжымымен экспромт кездесу өткізді.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, үміткерлер партияның алдағы уақытта атқаратын толымды істерін тілге тиек етті.

- «Nur Otan» партиясы ауыл азаматтарының өмір сапасын жақсартуды жақтайды. Осы бағытта «Ауыл - Ел бесігі» сияқты жобалар іске асыру жалғасады. Тұрғындар таза суға және сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымға қол жеткізеді. Өз кезегінде шаруа қожалығы жұмысшылары " Nur Otan" партиясын қолдайтындықтарын , алдағы 10- қаңтарда сайлауға бірауыздан баратындықтарын жеткізді .

Қиындықтарды еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

"Nur Otan"- ға дауыс бер !

Еще по теме

"ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ" - Yvision.kz