Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ»

2021 жылдың 10 қаңтарында болатын Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүруде.

«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық сайлауалды штабының ұйымдастыруымен бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі депутаттығына үміткер Г.Құрманбекова және Төлеби аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қ.Қансейітов «Тау жұлдызы» сауда орталығы және «Айсель» Медициналық орталығы ұжымымен кездесті. Кездесуде түскен сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс, пікірлер ескерілді.

Жиын соңында «Тау жұлдызы» сауда орталығы және "Айсель" Медициналық орталығының қызметкерлері партия тарапынан жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беретіндіктерін жеткізді.

Қиындықтарды еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

2
0
121

Еще по теме

«ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ» - Yvision.kz