"Экспромт" кездесу
Халыққа қызмет - әрбір азаматтың басты міндеті! Қай салада болмасын қызмет ету ол кімге болса да үлкен мақтаныш. Өйткені жасалынып жатқан жұмыс халық үшін және ел мүддесі үшін.
Бүгін "Nur Otan" Партиясы Төлеби аудандық мәслихатына үміткер Өмірәлі Бердіғали Көксәйек ауылдық округіндегі «Берік» шаруа қожалығында болып, "Nur Otan" Партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру және үгіт жұмыстарын насихаттау мақсатында экспромт кездесу өткізді.
Кездесу барысында сайлауалды бағдарламаны насихаттай отырып, жұмысшылардың көкейінде жүрген талап – тілектері тыңдалды.
