Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ

Мәжіліс депутаттығына кандидат Әміреев Ғалым Махмутбайұлы, облыс мәслихатына депутат Ералиев Мағжан Абзалұлы, қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Нұртазаев Ерлан Бахытұлы мен Ниязбек Нұржігіт Хамитұлы «Қорқыт Ата» сауда орталығында қала тұрғындарымен кездесті.

Кандидаттар сауда орталығында қызмет жасайтын саудагерлерге және ондағы тұтынушыларға сайлауалды бағдарламаның маңызын атап өтті. Одан өзге саудагерлер тарапынан кәсіпкерлерге тиісті бірқатар ұсыныстар айтылып, түрлі тақырып турасында пікірілер ортаға салынды.

Өз кезегінде көпшілікпен кездескен кандидаттар партия әрқашан халықтың өмір сапасын жақсарту бағытында қызмет жасайтынын атап өтті.

Қала тұрғындары бүгінге дейін ел тұрғындары үшін жасап жатқан жұмыстарға ризашылықтарын жеткізіп, партиялар додасында «Nur Otan» партиясын қолдайтынын жеткізді.

0
0
239

Еще по теме

ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ - Yvision.kz