Экспромт-кездесу
Экспромт-кездесу
Бүгін, Сырым ауданы, Қособа ауылдық округіндегі "Мүтір" шаруа қожалығында облыстық маслихат депутаттығына үміткер Ғ.Нұрмұхановтың сенімді өкілдері және аудандық штабтың мүшелері бейресми кездесу өткізді.
- "Мүтір" шаруа қожалығын 2007 жылы жеке меншігімдегі 15 ірі қара және 30 шақты қоймен ашқан болатынмын - деді, қожалық иесі Ж.Шапешов. Бүгінде іргелі шаруашылық құрылымына айналған "Мүтір" шаруа қожалығы, ауылшаруашылығы саласындағы
"Сыбаға", "Агорбизнес-2020" бағдарламасы аясында және басқа да демеу қаржылар арқылы ауылшаруашылық техникаларын мен асыл тұқымды ірі қаралар сатып алып, шаруашылығының түтінін түзеу түтетіп отыр. Қожалық иесі Жеңіс Шапешов аудандық маслихат депутаты ретінде ғана емес қарапайым азаматтығымын ауылдастарына мүмкіндігінше көмек қолын созып келеді. Кездесу барысында ауыл ақсақалы Ерген Тойғожиев те ауылдас інісінің ісіне дән риза екендігін білдіріп, партияның саясатын қолдай отырып, қоғамдық жұмыстарға осындай азаматтар көптеп тартылса деген ниетін айтты. Кездесуге қатысушы ауыл адамдары 10 қаңтарда болатын сайлауға қатысып, өз дауыстарын беретіндігін, елдің саяси өмірінен тысқары қалмайтындықтарын жеткізді.
#"Nur Otan"
#Sailau 2021
