"ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ"
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер және штаб мүшелері Қаратөбе ауылы, “Nazelprodukt” ЖШС ("ДЕМ" шаруа қожалығы) бейресми жағдайда сайлаушылармен кездесті.
Жүздесу барысында ауыл тұрғындарының ұсыныс пікірлері тыңдалды. Сондай-ақ ауыл тұрғындарымен болған басқосуда кандидаттың сенімді өкілдері "NurOtan" париясының алдағы бес жылдық жоспарын айтып, партияның мақсат-мұратымен таныстырып өтті. Сонымен қатар кездесу барысында айтылған ұсыныстардың қаперге алынатынын айтып, ауыл тұрғындарын 10 қаңтарда өтетін сайлауға келіп, "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.
