ЭКСПРОМНТ-КЕЗДЕСУ
Маңғыстау облыстық маслихат депутаттығына үміткерлер Людмила Мендыгалиева, Сарсен Крымкулов, Зина Ногаева және Бердыгали Берекетов, Жаңаөзен қалалық депутаттығына үміткерлер Айнагул Кушикбаева, Гулжан Жугембаева, Гульжан Бердибекова және Гульназ Булекбаева Жаңаөзен қалалық политехникалық колледжінде кездесу өткізді. Жиынға колледж ұстаздарымен студенттер қатысты.
Кездесуде "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Әрбір үміткер бағдарламаны өзінің ойымен, өзінің сөзімен тыңдаушыға жеткізіп, үгіт-насихат жұмысын ойдағыдай жүргізіп кездесуге келгендердің ақ тілегін, ақ батасын алды.
Жиында мұғалімдер колледж директоры Тлектес Аманкосовна Болатбаеваның жасап отырған жұмысын ерекше айтып, үлкен алғысын білдіріп, партияны қолдайтынын айтып, сәттілік тіледі. Оған қоса 10 қаңтарда өтетін сайлауда учаскелерге барып дауыс беруге шақырылды.
"Nur Otan" партиясы осы заманғы сын-қатерлерге батыл жауап беретін және қазақстандықтардың сеніміне лайық нақты істер партиясы.
