Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЭКСПО-2017-ГЕ 1 жыл

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ВОЛОНТЕРДІ ЭКСПО-2017-ГЕ ДАЙЫНДАУ ОРТАЛЫҒЫ БІР ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ.

Іс-шараның ұйымдастырушылары Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің Экспо-2017-ге волонтерлерді дайындау орталығы, «Әлеуметтік-волонтерлік орталығы» ЖҚБ және «Ұлттық волонтерлік желісі» ЗТБ.

Шара 2015-2016 жылдарға орталық қызметін қорытындылау, еріктілер қатарына студенттер мен оқушыларды тарту, сондай-ақ облыста волонтерлік қозғалысты көлемді дамыту мақсатында өтті.

Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Н. Нефедова өз сөзінде «Қазір волонтерлік қозғалыс сәнге енді,  бірде-бір маңызды іс-шара волонтерлердің қатысуыңсыз өтпейді», - деп атап айтты.

Экспо-2017-ге дайындау орталығының волонтерлері «Ертіс Инвест-2015» халықаралық инвестициалық форумында, жастар арасындағы бокс бойынша Азия чемпионатында үлкен жұмысы атқарды. Онымен қоймай, еріктілер көптеген қайырымдылық форумдары мен концерттерде ұйымдастырушылар ретінде көмек көрсетіп отырады.

Концерт қорынтындысы бойынша, орталықтың белсенді волонтерлері халықаралық, республикалық және өңірлік іс-шараларда атқарған жұмысы үшін алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, волонтерлерді Экспо-2017-ге дайындау орталығының үйлестірушісі Капенова Жанарсын Павлодар облысының волонтерлік қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.

 
1
0
490

Еще по теме

ЭКСПО-2017-ГЕ 1 жыл - Yvision.kz