ЭКСПО-2017
Таң, Бүгін күздің 19-шы күні,далада күннің көзі түскен жерін жылытады,ал тал басын тербеткен самал жел қойныңа сенің келісіміңсіз кіріп шығып жатқандай әсер қалдырады.Құдіреті шексіз Алланың бізге арнатып жұмыс істеткізіпқойған күннің сәулесі көзі шағылыстырады. Күннің бізге пайдасы айтпаса да анық. Солардың бірі күн энергиясынан алынатын электр қуаты. Ол экологиялық таза және қолданғанда ауаға зиянды көмірқышқыл газдарын шығармайды, соған қатысты Қазақ елі, Қазақ жерінің жеңісі бүкіл әлемді бір дүр сілкіндірген ЭКСПО-2017 жайлы тақырыпта өрбімек. Бұл жоба кез келген, ыңғай танытқан мемлекетке берілетін жоба емес, аяққа нық тұған, болашағынан үміт күттіретін елге ғана бұйыратын шара:

«Астанада бүкіләлемдік көрме өтетін болды» деп дүрлігіп жатырмыз. Бірақ, ЭКСПО деген не? Мақсаты мен мұраты не? Ауқымы қандай? Оның бізге берері бар ма? Осындай ауқымды шараны өткізу қолымыздан келе ме?.. бүгін оқырмандарыма бүкіләлемдік көрме туралы біршама мәлімет бергенді жөн көрдім.

Экспо деген не? Бұл – бүкіләлемдік көрме. Бір жарым ғасырлық тарихы бар көрме. «Уикипедияның» тілімен айтсақ, «индустрияландырудың белгісі және техникалық һәм технологиялық жетістіктерді көрсететін мүмкіндік». Ең алғаш 1851 жылы Ұлыбританияда өткен. Содан бері қарай бұл көрме алпыс бес рет өткен. «Уикипедияда» жарияланған соңғы мәліметке сүйенсек: «Экспо-2017 өткізу үшін тендерді ұйымдастырушылар көрме өткізетін елге бұл шараның 2,3 миллиард долларға түсетінін бағалаған». Көрмені өткізуге екі қала таласқан. Олар: біздің Астанамыз және Бельгияның Льеж қаласы.

Тендерді ұтуын ұтып алдық, ендігісі соны абыроймен өткізу. Бұл қомақты қаржыны ғана емес, кәсіби біліктілік пен үлкен қажырлылықты да талап ететін шара. Бізбен бәсекелес болған Льежде бүкіләлемдік көрме екі рет – 1905, 1930 жылдары өткізілген. Әйгілі Гайд паркте алғаш көрменің шымылдығын ашқан Лондон араға он бір жыл салып, екінші рет өткізіп үлгерген. Америка Құрама Штаттарының әр қаласында бұл көрме жиырма рет өтсе, бір ғана Париждің өзі сегіз рет бүкіләлемдік көрме қонақтарына қызмет көрсеткен. Брюссельде төрт рет өткен. Айтпақшы, Парижде 1889 жылы Эйфель мұнарасы, ал 1908 жылы Амурдан өтетін көпір салынған екен. Амбициясы жоғары Астананың да өз мұнарасы салынуы бек мүмкін.

Ұтуын ұтып алдық. Ендігі міндет – абыроймен атқару. ЭКСПО деген Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының саммиті немесе Азиада емес. Оның ауқымы да үлкен, жүктейтін міндеті де ауыр. Жасыратыны жоқ, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары арасында біздің бұл жеңісімізді «жас мемлекеттің жеңісі» деп емес, «мұнайдың жеңісі» деп қабылдағандар да болды. Парижде өткен Халықаралық көрме бюросының бас ассамблеясында өткен дауыс беру рәсіміне мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың барып қатысуын сан-саққа жүгірткендер де жетерлік. Біздің міндет – соның барлығын жоққа шығарып, бүкіләлемдік көрмені өз деңгейінде ұйымдастырып, өткізу. Қазақстан үшін дауыс берген 103 елдің үмітін ақтау (Бельгияға 44 мемлекет дауыс берсе, 1 мемлекет қалыс қалған).
Экспо-2017 10 маусымда басталып, 10 қыркүйекте аяқталады. Астанадағы көрме «Болашақтың энергиясы» деген атпен өтеді. Ұйымдастырушылар әлемнің әр түкпірінен бес миллионға жуық адам келіп қатысады деген болжам жасап отыр.
@https://www.youtube.com/watch?v=DroXdRR6GD8
