Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ АЙМАҚ

«Nur Otan» партиясының бағдары – тұрақты экономикалық даму және

халықтың өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады.

Жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру

арқылы халықты жұмыспен қамтуды арттырамыз

Индустриялық дамудың өсу резервтерінің бірі Ақтау, Құрық теңіз

порттары және «Ақтау теңіз порты» АЭА болып табылады. Ақтау және

Жаңаөзен қалаларында тартылған инвестициялар есебінен индустриялық

аймақтар дамитын болады.

Алдағы перспективада өңірді дамытуда өңдеу өнеркәсібіне, көлік

пен логистикаға, агроөнеркәсіптік кешен мен туризмге, тау-кен

өнеркәсібін одан әрі дамытуға негізгі екпін түсірілетін болады.

Ол үшін, «Nur Otan» партиясы:

 Жұмыс істеп тұрған мұнай кен орындарының жұмыс істеуі және

оларды кеңейту арқылы мұнай өндіру көлемін жыл сайын сақтауды

қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сонымен қатар келесі бастамалар іске

асырылатын болады:

 2020 жылдың аяғынан бастап «Тоталь Е энд П Дунга Гмбх»

компаниясымен Дунга кен орнында «Дунга фаза 3» жобасын іске асыру;

 2021 жылдан бастап Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы

«Жеңіс» кен орнында геологиялық барлау жұмыстары мен алғашқы

ұңғыманы бұрғылауды бастау («Жеңіс Оперейтинг»);

 «Қаламқас теңіз», «Хазар» кен орындарын «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚмен

бірлесіп игеру, инвесторлар тарту;

 «Солтүстік Бозашы» кенорнында көмірсутек шикізатын өндіру

бойынша келісімшарт мерзімін ұзарту мәселесін шешу (2021-2046 жж.);

2021-2025 жылдары 1,5 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен

өңдеу саласында 14 жаңа инвестициялық жобаны, оның ішінде «Ақтау

теңіз порты» АЭА аумағында 11 жобаны іске асыруға ықпал етеді, олар:

1. «Chem Invest», калий сульфатын, тұз қышқылын және кальций хлоридін

өндіру зауыты (30 жұмыс орны, АЭА «Ақтау теңіз порты»);

2. «PERAPLASTIC SEZ», полипропилен қаптамасын өндіру (200 жұмыс орны,

АЭА «Ақтау теңіз порты»);

3. «Fiberglass Tank Production», дайын шыны пластик бұйымдарын өндіру

(80 жұмыс орны, АЭА «Ақтау теңіз порты»);

4. «Ақтау-ЭнергоМаш», кабельдер мен трансформаторлар өндіру зауытын

салу (150 жұмыс орны, АЭА «Ақтау теңіз порты»);

5. «WestEcoPlast», БИГ бэгтер жұмсақ қаптама ыдыстарын өндіру зауыты

(47 жұмыс орны, АЭА «Ақтау теңіз порты»);

6. «Мұнай және газ ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ,

химреагенттер өндіру зауытын салу (32 жұмыс орны, Ақтау қ. өндірістік аймағы);

7. «ҚазАзот», дайын өнім шығару бойынша жобалық қуатын ұлғайта отырып,

минералды тыңайтқыштар өндіру зауытын жаңғырту (3 кезең) (296 жұмыс орны,

Ақтау қ. өндірістік аймағы);

8. «Kazakhstan Chemical Products», биодәретханалар өндірісі (10 жұмыс орны,

АЭА «Ақтау теңіз порты»);

9. «Мирас-Тобыш», қаптау материалдарын шығару цехы (10 жұмыс орны, АЭА

«Ақтау теңіз порты»);

10. «Mangystau OiL Refining», көмірсутегі шикізатының қайта өңдеу кешенін

салу (3-кезең) (200 жұмыс орны, Ақтау қ. өндірістік аймағы);

11. «Topan Chemical Industries», каустикалық сода және тұз қышқылын шығару

зауыты (100 жұмыс орны, АЭА «Ақтау теңіз порты»);

12. «Техногран Актобе», «Жездібассай» кен орнында катодты мыс өндіру

(150 жұмыс орны, Маңғыстау ауданы);

13. «Техногран Актобе», шойын өндіретін металлургия зауыты (150 жұмыс

орны, АЭА «Ақтау теңіз порты»);

14. «Caspian Rivera», бекіре балық зауыты (50 жұмыс орны, АЭА «Ақтау теңіз

порты»).

0
0
109

Еще по теме

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ АЙМАҚ - Yvision.kz