Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ҚАЛА

«Nur Otan» партиясының бағыты – тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады.

Біз лайықты жалақымен жаңа жұмыс орындарын құрамыз.

Біз халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында өңдеу кәсіпорындарын дамыта отырып, Кентау қаласының артықшылықтары мен әлеуетін пайдаланатын боламыз.

2025 жылға Кентау қаласының өңдеу өнеркәсібінің өсімін 5,5%-ға арттырамыз. Мемлекеттік бағдарламалар және жеке инвесторлар есебінен өңдеу, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес салаларында барлығы 3,6 млрд. теңгені құрайтын 4 жобаны жүзеге асыру жоспарын қолға алады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

 полиэтиленді труба шығару цехын ашуға (Жоспарланған жұмыс орны – 50. Жобаның құны – 600,0 млн.тг. Жобалық қуаттылығы – жылына 1500 тонна труба);

- радиатор шығару цехын ашуға (Жоспарланған жұмыс орны – 50. Жобаның құны – 1200,0 млн. тг. Жобалық қуаттылығы – жылына 600 мың дана радиатор);

- темірбетон шығару цехын ашуға (Жоспарланған жұмыс орны – 50. Жобаның құны – 200,0 млн.тг. Жобалық қуаттылығы – жылына 13 500 мың дана темір бетон өнімі);

- м-150 маркалы кірпіш шығару зауытын ашуға (Жоспарланған жұмыс орны – 100. Жобаның құны – 1600,0 млн.тг. Жобалық қуаттылығы – жылына 30 млн. дана кірпіш) ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай тұрақты 250 жаңа жұмыс орны ашылып, жалақы 150 мың теңгеге дейін өседі, жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ға төмендейді.

0
0
154

Еще по теме

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ҚАЛА - Yvision.kz