ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАНҒАН АУДАН
Бүгін Түлкібас аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Л.Бегимова аудандық штабта партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша тікелей эфир өткізді. 7 басым бағыттардың ішіндегі экономикалық бағдарланған аудан және жастарға арналған ауданға тоқталды. Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының көрсеткіші.
Біз денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш саламыз деді. Жастар – мемлекеттің болашағы. Түлкібас ауданында 27 мыңнан астам жастар тұрады.
«Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді. 2025 жылға қарай мемлекеттік органдармен бірлесіп, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, шағын және орта кәсіпкерлікке тарту, жастарды ауылдық жерлерде тұрақтандыру, жастардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамуына және әлеуетін арттыруға жағдай жасайтындығын айтты.
