Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЕКІБАСТҰЗДЫҚ 30 БАЛА ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫСЫН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ӨТКІЗУДЕ

Мектеп оқушылары және оларды сүйемелдеушілер Алматы облысына келіп жетті. Көтеріңкі көңіл-күйге ие болған мектеп оқушылары таулы аймақтың табиғатына тамсанып, ойын-сауыққа бірден кірісті.

«Алматы облысындағы лагерге келгеніме қуаныштымын. Бұл жердің табиғаты ерекше екен. Өзімді жайлы сезініп отырмын. Лагерде жаңа достар тауып, денсаулығымызды нығайтып, жақсы көңіл-күймен уақыт өткізетінімізге сенемін. Алдағы күндері бізге ұмытылмас естеліктер сыйлап, ерекше серпін беретіні анық», – деді мектеп оқушысы Ислам Утеупов.

Алғашқы күні-ақ партия қызметкерлері балалардың көңіл-күйлерін сұрап, сыйлықтарын табыстап қайтты.

Сауықтыру лагеріндегі шараларды үйлестіруге партияның аймақтық филиалдары, сонымен қатар, балалардың жол мен демалыс шығынын көтерген барлық демеушілерге алғыс білдіреміз.

Айта кету керек, «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен жүзеге асып жатқан игі шара республика көлемінде бастау алды.

0
0
206

Еще по теме

ЕКІБАСТҰЗДЫҚ 30 БАЛА ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫСЫН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ӨТКІЗУДЕ - Yvision.kz